- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Колумбиядағы шахта жарылысынан...
Колумбиядағы шахта жарылысынан қаза тапқандар саны 21-ге жетті
Билік іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын жариялағаннан кейін Колумбияның орталығындағы көмір шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 21-ге жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Deutsche Welle арнасына сілтеме жасап.
Колумбия президенті Густаво Петро Twitter-де әрбір өлім "бизнестің ғана емес, қоғам мен мемлекеттің де сәтсіздігі" екенін айтты.
"Мен губернатор Николас Гарсиа Бустоспен байланыста болдым, ол маған құтқарушылардың барлық күш-жігеріне қарамастан, өкінішке қарай, Сутатаустағы қайғылы оқиғаның салдарынан 21 адамның қаза тапқанын хабарлады", - деді президент.
La minería del carbón cobra otras 21 vidas en Sutatausa. Cada vez es más imprescindible los planes de reconversión laboral y empresarial en las zonas de minería del carbón. Cada muerto laboral no solo es una falla empresarial, sino tambien social y gubernamental.
— Gustavo Petro (@petrogustavo) March 16, 2023
Бірнеше шахтаның кіреберістерін жауып тастаған апат 14 наурызда Богота астанасынан 75 шақырым жерде орналасқан Кундинамарка департаментіндегі муниципалитет Сутатауда болды. Одан кейін көрші нысандарда бірнеше жарылыс болды. El Tiempo газетінің мәліметінше, оқиға кезінде туннельдерде 30-дан аса адам болған.
Колумбия мұнай мен көмір сияқты қазбалы отынның көп мөлшерін экспорттайды. Ресурстарға бай елде, әсіресе елдің орталығы мен солтүстік-шығысында заңсыз әрекеттері бар аймақтарда кеніш апаттары жиі кездеседі. Бұл жарылыс заңды тіркелген тау-кен өндірісінде болған.
Тау-кен өнеркәсібі ұлттық агенттігінің мәліметінше, былтыр 117 шахта апатынан 146 жұмысшы қаза тапқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек