Мемлекет басшысы Колумбия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қаза табуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан президент Абелардо де ла Эсприэльяға, оның отандастарына көңіл айтты.
Президент қаза тапқандардың туған-туыстары сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандар тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.
Айта кетейік, Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуін Богота мен көршілес елдердің тұрғындары сезген. Кейінгі мәлімет бойынша шамамен 111 адам қаза тауып, тағы 87 адам жарақат алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова