- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Қолтырауын терісінен сөмке“....
“Қолтырауын терісінен сөмке“. Әсел Сәдуақасованың бір образы 134 млн теңгеге бағаланды
Танымал продюсер, актриса Әсел Сәдуақасованың бір кеште киген образын байер, блогер 134 млн теңгеге бағалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның образын есептеп шыққан қазақстандық байер, блогер Жансая Махабаева.
"Әсел Сәдуақасованың кешкі шараға киген киімдері мен әшекейі қанша теңге тұрады деп ойлайсыз? Мен талдап, айтып берейін. Көйлегінен бастайық. Қара көйлектің бағасы шамамен 321 мың теңге. Ал мына сөмкесі қолтырауынның терісінен жасалған Kelly Cut Noir Crocodile Porosus Lisse. Бағасы – 19 250 000 теңге", – деген блогер оның барлық киімдері мен әшекейінің бағасын айтып шықты.
Блогердің айтуынша, Әсел Сәдуақасованың аяқ киімінің өзі 559 мың теңге (Amina Muaddi брендінен).
Ең қызық әрі қымбат тұсы – әшекейлер. Breguet брендінің гауһартастармен безендірілген сағаты 18 266 000 теңге болса, ақ алтыннан жасалған, гауһартастармен көмкерілген Cartier Live Bracelet 27 538 000 теңге тұрады. Сонымен қатар сапалы гауһартастан жасалған Graff брендінің білезігі 37 437 000 теңге, осы брендтің сақинасы 5 775 000 теңге.
Алқасы шамамен 4 300 000 болса, жүзігі 21 389 000 теңге тұрады.
Есептей келе, Жансая Махабаева актриса Әсел Сәдуақасованың кешкі образын 134 806 000 теңгеге бағалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, блогер бұған дейін тележүргізуші Динара Сәтжан мен жақында тұрмысқа шыққан блогер Аека Поштың образын бағалаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева