Коста-Рикада қолтырауын футболшы Хесуса Альберто Лопес Ортисті жеп тастады. Ол жергілікті "Депортиво Рио Каньяс" командасының құрамында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport басылымына сілтеме жасап.
The Sun басылымының мәліметінше, қолтырауын 29 жастағы спортшыға тап берген. Оқиға сенбі, 29 шілдеде Гуанакасте провинциясында болған.
Қолтырауын спортшыны жұлқылап өлтіріп тастаған. Полиция жануарды атып тастауына тура келген.
Спортшының отбасы оны жерлеуге қаржылай көмектесуді сұраған. Футболшының артында 8 және 3 жасар екі баласы қалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!