Тершеңдік - көпшілік адамға таныс проблема. Бұл әсіресе жаз мезгілінде мазалайды. Терлеу ағзаның дұрыс қызмет ететінін көрсетсе де, көп адам мұндай жағымсыздыққа шыдағысы келмейді. Ендеше, жазда қолтықтың қатты терлеуімен және одан шығатын жағымсыз иіспен күресуге көмектесетін әдістерді ұсынамыз.
Қарама-қарсы душ қабылдаңыз
Ол үшін ыстық және суық суды кезектестіресіз. Мұндай процедура иммунитетті қатайтады, көңіл күйді ретке келтіреді және тері сапасын жақсартады. Ыстықта қарама-қарсы душ сергуге және тершеңдікті азайтуға көмектеседі. Алайда суық сумен басыңызды шаймаңыз, бұл артериялық қысымыңызды көтеріп жіберуі және тұмаурату қаупін арттыруы мүмкін.
Кофені салқын сумен алмастырыңыз
Кофеин біздің ағзамызға ынталандырғыш ретінде әсер етеді. Кейде сергітуші сусындарсыз мүмкін емес, алайда ыстықта олармен әуестенбеген жөн. Әйтпесе, мазасыздықтан, қызарудан және тершеңдіктен арыла алмайсыз. Сондықтан кофенің орнына салқындау су ішуді әдетке айналдырыңыз. Суға жағымды дәм сыйлау үшін оған лимон, жидектер немесе жалбыз жапырақтарын қосуға болады.
Табиғи матадан тігілген киімдер таңдаңыз
Табиғи матадан тігілген киімдер ұзақ қызмет етеді және ыстық күндері терлетпейді. Себебі зығыр, жібек, мақта мата және басқа да табиғи маталар ауаны жақсы өткізеді және қызбайды.
Дезодоранттың орнына антиперспирант қолданыңыз
Антиперспирант тер бездерін тарылтады, сол үшін тер аз бөлінеді. Дезодоранттар жағымсыз иістен ғана арылтады, яғни ол аз терлеуге көмектеспейді. Алайда адам терлегенде ағзадан улы заттар шығады. Сондықтан антиперспирантты үздіксіз қолдану ұсынылмайды.
Ащы тамақтан бас тартыңыз
Кей өнімдер қарқынды тер бөлінуге әсер етеді. Оларға ащы бұрыш, дәмдеуіштер, пияз, сарымсақ, шалғам жатады. Ыстық күндері тұзды азырақ пайдаланыңыз.
Суды көбірек ішіңіз
Егер ағзаға су жеткілікті мөлшерде келмесе, сусыздану пайда болуы мүмкін. Сол үшін дене температурасы өзгеріп, тер бөліну артуы мүмкін. Мұндай жағымсыздықтан арылу үшін күніне таза суды көбірек ішіңіз.
Арнайы ішпек қолданыңыз
Ішпек иіс пен терді сіңіріп алады және киімге із қалдырмайды. Оның бір реттік қолдануға арналған түрлері бар. Оларды киімнің ішкі жағына жабыстырады. Сондай-ақ жуып алуға болатын көп реттік түрі де болады.
"Күйзеліс, қатерлі ісік": тер иісі өзгеріп кетуінің 9 себебі