Алматының коммуналдық қызметі нөсер жауынға байланысты күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет болжамына сүйенсек, 16 сәуірде күн ала бұлтты болады, сағат 16:00-ден бастап 17 сәуір сағат 02:00-ге дейін кей жерлерде 17 мм-ге дейін жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Күндізгі ауа температурасы +17…+19 градус болады.
17 сәуірде сағат 11:00-ден бастап күні бойы 12 мм-ге дейін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Түнде сынап бағанасы +8…+10 градус, күндіз +11…+13 градус көрсетеді.
Алматы әкімдігі мәліметінше, нөсер жауын кезінде жедел әрекет ету мақсатында 2,7 мыңнан аса жұмысшы, арнайы техника жұмылдырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!