Алматы облысында жылан шаққан 16 жастағы қыз ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Жасөспірім демалыс күндері Көлсай көлдеріне саяхаттап барғанда қолын жылан шағып алған. Маңайдағы құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдайлар қызметкерлері табиғат аясында тыйым салынған жерге шықпауға әрі демалатын орынды мұқият тексеруге кеңес берді.
"Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде жедел алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін қызметтік көлікпен медициналық мекемеге жеткізді. Төтенше жағдайлар министрлігі жылы мезгілде жыландар белсенді болатынын ескертеді. Табиғат аясында демалу кезінде сақ болыңыздар", - деді Алматы облысы ТЖД аға инженері Ақтоты Дәукенова.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!