Көлсай көлдері ұлттық паркінде үш есейген аланын ерткен ұрғашы ілбіс фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ұлттық парктің әлеуметтік желідегі парақшасы хабарлады.
Аналық пен оның үш аланын Көлсай көлдері ұлттық паркінің фототұзақтары түсіріп алған.
Ұлттық парктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай үлкен ұрпақ өрбіту ілбіс үшін өте сирек кездеседі, бұл олардың мекендеу ортасының жақсы жағдайда екенін көрсетеді.
"Осы сұлу жыртқыштардың әр қадамы - олардың популяциясын сақтау бойынша жасалып жатқан күш-жігердің жемісті екенін білдіреді. Қар барысы қорғауға алынған, бірақ оның популяциясы браконьерлік пен мекен ету аймағының қысқаруына байланысты әлі де осал. Алайда мұндай көріністер ғалымдар мен ұлттық парктердің үйлесімді жұмысы бұл ерекше жыртқыштарды қорғауға көмектесетініне үміт береді", - делінген жазбада.
Публикация от Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)
Еске салайық, бұған дейін Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркінде қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалғанын хабарлаған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз