Колонияға насыбай толы бөтелке лақтырмақ болғандар ұсталды

Колонияға насыбай толы бөтелке лақтырмақ болғандар ұсталды
Фото: ІІМ

Алматы облысында екі ер адам колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру дерегінің алдын алды.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №57 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған екі ер адамды ұстады.

 

Оқиға орнынан пакеттермен оралған түйіншек тәркіленді. Ішінен бір пакет және көлемі 1 литрлік насыбай толы бөтелке, үш телефон мен төрт қуаттағыш құрылғы табылды.

Ұсталған адамдар анықталып, болған жайтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова