Колонияда жазасын өтеп жүріп, Орал тұрғынын алдаған азамат анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
29 маусымда белгісіз адам 54 жастағы А. есімді азаматқа "қызы" болып хабарласқан. Ол басқа нөмірден хат жазып жатқаны жайлы және лимиттік карталарда қарыздары барын айтқан.
Осылайша, ол жәбірленушінің банк картасының деректерін алып, 477 мың теңгені алған. БҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қазіргі уақытта алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді азаматты әшкереледі.
Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. Күдікті мойындау көрсетпелерін беріп, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚАЖД қазір тыйым салынған заттарды өткізу арналарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!