2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол ақша алудың жаңа тәртібі күшіне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былтыр Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлескен қаулы қабылдады. Соған сәйкес кәсіпкерлер белгіленген шектен артық қолма-қол ақша алған жағдайда ақша алуының мақсатын түсіндіруге міндетті.
Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және:
Алайда қолма-қол ақша алуға қатысты шектен ресми түрде босатылғандар бар, олардың тізімін Ұлттық банк жеке бекітеді.
Ұлттық банк бекіткен шектеулер:
Кәсіпкер банкке өтініш жолдайды, банк ақшаны қалыптасқан тәртіппен береді.
Белгіленген мөлшерден артық сома қажет болса, кәсіпкер:
Шектен асқан жағдайда банк келесі жұмыс күні сағат 10:00-ге дейін Мемлекеттік кірістер комитетіне:
Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыс күнінің аяғына дейін:
3 жұмыс күні ішінде жауап болмаса, банк ақшаны беруге міндетті.
Тексеріс нәтижесі 1 ай бойы жарамды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!