Колледж директоры грант үшін пара алып жатқанда ұсталды

Колледж директоры грант үшін пара алып жатқанда ұсталды
Фото: skam911.blogspot.com

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Дүйсенбек Әбдірайымов пара алып жатқан жерінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы orda.kz сайты жазды. 

Нақты сома әлі белгісіз. Тек колледж басшысы грант бойынша орынға ақша алғаны хабарланды.

Дүйсенбек Әбдірайымов 63 жаста. Алты жыл бойы облыстық білім басқармасын басқарды. Кейін Жамбыл политехникалық колледжін басқарды. 1998 жылдан 2004 жылға дейін жұмыс істегенде Әбдірайымовтар отбасы екі жатақхана ғимаратын жекешелендірді. Соның негізінде политехникум бастығының екі қызы колледж ашты.

Еске салайық, биыл елдегі жоғары оқу орындарында грант тапшылығына байланысты келеңсіздіктер болып жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева