Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында полиция қызметкерлері Алатау қаласының орталық алаңында көлік жүргізушісінің қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғанын анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқықбұзушыларды полиция қызметкерлері тез арада анықтады, олар 22 және 26 жастағы облыс тұрғындары болып шықты.
Тыныштықты бұзғаны және міндетті сақтандыру келісімшартының болмағаны үшін құқықбұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Облыстық полиция барлық азаматтарды қоғамдық тәртіп пен заң нормаларын қатаң сақтауға шақырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!