Көліктің түгі қалмаған: Қарағанды облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Көліктің түгі қалмаған: Қарағанды облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты
Фото: Видео кадры

Қарағанды облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды - Сұрыптау - Құлайғыр теміржол учаскесінде Audi көлігі жүк пойызымен соқтығысып, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәліметке сәйкес 35 жастағы жүргізуші тыйым салатын қызыл сигналға қарамастан, теміржол өткеліне кіріп кеткен. Осылайша жүк пойызымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жүргізуші мен көліктегі төрт жолаушы медициналық мекемелерге жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.

"Тергеу барысында әр қатысушының әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сай құқықтық баға беріледі", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget