Автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу нәтижесінде берілетін диагностикалық картаны цифрлық құжат форматына көшіру бойынша жұмыс аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұны аталған ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесе отырып іске асырған.
Енді автокөліктің техникалық қарап-тексеруден өткенін растайтын құжатты eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен электрон түрде көруге әрі жүктеп алуға болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!