Көліктің Start/Stop жүйесі істемесе не істеу керек: сарапшы кеңесі

Көліктің Start/Stop жүйесі істемесе не істеу керек: сарапшы кеңесі
Фото: depositphotos.com

Заманауи автомобильдер дәстүрлі оталдыру кілтінің орнына start/stop түймесімен жабдықталған. Бұл технология шынымен де көлік жүргізуді ыңғайлы етеді. Бірақ егер жүйе кенеттен жұмысын тоқтатса, не істеу керек? Сарапшы жауап берді деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі сілтеме жасап. 

Оталдыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

"Start/stop түймешігін басқан кезде жүйе бірнеше негізгі шарттардың орындалуын күтеді", - деп бастады автосарапшы Сергей Коваленко "Біріншіден, кодталған сигналы бар кілт салонның ішінде болуы керек, екіншіден, беріліс қорабы parking-те немесе нейтралды күйде тұрсын, үшіншіден, тежегіш педалі басылсын. Осы әрекеттер жасалғаннан кейін ғана жүйе көлікті оталдыруға мүмкіндік береді", - дейді сарапшы.

Алайда егер осы жүйелердің біреуі істен шықса, қозғалтқыш іске қосылмауы мүмкін.

Жүйедегі ақаулар және оны шешу жолдары

© Фото: depositphotos.com / Көлік пульті

1. Кілттегі қуаттың аз болуы

"Бұл ең көп таралған себептердің бірі - егер смарт-кілттің батареясы таусылған болса, жүйе қажетті сигналды қабылдамауы мүмкін", - дейді сарапшы.

Не істеу керек?

Кілттерді бастау түймесіне жақындатып көріңіз. Көптеген машиналарда кодты түйме арқылы тікелей оқу функциясы бар. Бұл жұмыс істесе, кілттегі батареяны мүмкіндігінше тез ауыстырыңыз.

2. Бұзылған кілт

Егер кілт физикалық зақымдалған болса немесе сіздің көлік үлгісіне сәйкес келмесе, қозғалтқышты іске қоса алмайсыз.

"Бұл жерде сіз мамандардың көмегіне жүгіну керексіз. Эвакуаторды шақырып, көлікті қызмет көрсету орталығына апарған жөн болады", - дейді Сергей.

3. Аккумулятор отырған

© Фото: depositphotos.com / Аккумулятор

Мәселе кілтте болмаса, көліктің аккумуляторына назар салу керек. Оның жағдайын вольтметр арқылы тексеруге болады.

"Кернеу 12,4 В-тан жоғары болуы керек. Егер ол төмен болса, аккумуляторды басқа көліктен зарядтаңыз немесе жаңа аккумулятор салыңыз", - деп кеңес береді сарапшы.

4. Қуатты басқару модулінің дұрыс жұмыс істемеуі

"Бұл әлдеқайда күрделі мәселе. Қуатты басқару модулі барлық жүйелерді үйлестіруге жауапты, егер ол бұзылған болса, кәсіби диагностика қажет болады", - деп ескертеді Коваленко.

Сергей Коволенко модульді өз бетіңізше жөндеуге тырыспауды қатаң түрде ұсынады, себебі бұл әрекет көлікке айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін.

5. Стартерге немесе сақтандырғыштарға қатысты ақаулар

© Фото: depositphotos.com / Стартер

Стартерде ақау болса, қозғалтқыш іске қосылмайды. Сарапшы стартерді автокөлік бөлшектері дүкенінде арнайы сынақ құралын пайдаланып, тексеруге кеңес береді.

"Сонымен қатар сақтандырғыш (предохранитель) қорабын қарауды ұмытпаңыз. Кейде ақауды шешу үшін жай ғана жанып кеткен сақтандырғышты ауыстыру жеткілікті", - деп қосты ол.

Коваленко атап өткендей, қазіргі заманғы автомобильдер әрбір бөлшек өз рөлін атқаратын күрделі жүйелер екенін түсіну маңызды. Мәселені неғұрлым тез анықтап, түзетсеңіз, болашақта үлкен шығындарға тап болу ықтималдығы соғұрлым аз болады.

Одан бөлек, көлігіңіздің логотипі қандай мағына беретінін білесіз бе? Біз халық көп мінетін танымал көлік брендтерінің логотиптеріне қысқаша шолу жасап өттік, оқи отырыңыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Н. Ынтымақұлы