Көліктің сау жері жоқ: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Көліктің сау жері жоқ: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Фото: ПД

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Панфилов ауданында болды. Сарыөзек - Көктал тасжолының 99-шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан.

50 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Ал 45 жастағы жолаушы да қаза тапты. Зардап шеккен қалған 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова