- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көліктің капотына шығып,...
"Көліктің капотына шығып, әйнегін сындырған". Жүргізушілердің жанжалына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Алматы облысында жүргізушілердің жантүршігерлік жанжалы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жамбыл аудандық полиция бөліміне жәбірленушінің күдіктімен татуласқан және қылмыстық істі тоқтатуды сұраған арызы келіп түскен. Осыған байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-35 бөлігі 12 тармағы негізінде тоқтатылды.
Еске салайық, оқиға 28 маусымда Алматы облысында Алматы-Бішкек тасжолында болған. Көліктердің бірінің ашулы жүргізушісі сол жақ жолақтағы басқа көлікті тоқтатып, өзі көліктің капотына шығып, оның алдыңғы әйнегін аяғымен сындырған. Одан кейін төмен түсіп, жүргізушінің бүйіріндегі терезені жұдырығымен сындырып, жүргізушіні шығарып алмақ болған. Ол кезде көлікте жүргізушіден бөлек әйелі мен баласы болған.
Осыдан кейін полиция қызметкерлері бұл дерек Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық дерегі бойынша аудандық ІІБ-нің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады. Күдікті 1993 жылы туған К. есімді ер адам ұсталып, оның көлігі Ұзынағаш ауылындағы мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек