Көліктің "хадовкасын" қай кезде ауыстыру керек?

Кез келген көліктің маңызды аймақтарының бірі - жүріс бөлігі. Тіпті көлігіңіз бір қалыпта тұрғанның өзінде жүріс бөлігіне түсер ауыртпалық көп. Ал оның істен шығуына сапасыз жолдар мен қолайсыз ауа-райы себеп болуы мүмкін. Көліктің жүріс бөлігін қай уақытта ауыстыру керек? Massaget.kz тілшісі біліп көрді.  

Жүріс бөлігіндегі ақауды қалай анықтаймыз? 

Көлігіңіздің жүріс бөлігіндегі ақауды аңғару қиын емес. Жүріп келе жатқанда көлік солға немесе оңға тартса, бөгде шуды немесе қатты дыбысты естісеңіз, шиналар тез әрі біркелкі емес тозып бастаса автокөліктің жүріс бөлігінде ақау бар деген сөз. Мүндай жағдайда жүріс бөлігінің қай компоненттері осал екенін және басқаларына қарағанда жиі ауыстыруды қажет ететінін білу маңызды. 

Көлденең тұрақтандырғыштар (Стабилизаторы поперечной устойчивости)

Бұл компонент қауіпті бұрылыстарда бұрамды азайту. Тік жүру стилінде бұл құрамдас бөлік маңызды болып көрінбейді. Бірақ тез тозады. Сондықтан тұрақтандырғыштарды тұрақты түрде ауыстырып тұрған жөн. Олар мүмкіндігінше жеңіл болғанымен, резеңкесі желініп осалдана түседі. Сондай-ақ тегіс емес жолда машина қатты секіре бастайды. Автокөлік иелері мұндай жағдайда көліктің салонындағы жағымсыз дыбысқа шағымданады. Алайда мұның барлығы тұрақтандырғыштардың тозуымен тікелей байланысты. 

Амортизаторларды ауыстыру 

Жолдың ойқыш-айқұш жерлерімен өткен кезде автомобиль корпусының барлық тербелістерін реттеуге жауап береді. Амортизатор құрылымының ішіндегі арнайы сұйықтық тербеліс энергиясын баяулатуға мүмкіндік береді. Алайда тым көп жүктеме сұйықтықтың қызып кетуіне, жүріс бөлігінің қисаюына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Ақыр соңында амортизатордағы май өзінің тербелісін жоғалтып, істен шығуына алып келеді. Сондай-ақ амортизатор корпусына жабысқан балшықтан тазалап отырған абзал. Өйткені бұл майдың ағып кетуіне сеп болады. 

Үнсіз блоктар (Сайлент-блоки)

Блоктардағы басты тозатын нәрсе резеңкелер болып табылады. Көлік жүрісінің көптігінен резеңкелер өзінің бастапқы формасын жоғалтып, темірдің өзі қалады. Бұл жағдайға жолдағы балшық, жол сапасының нашарлығы әсер етеді. Жылына бір мәрте үнсіз блокты толығымен ауыстырған артықтық етпейді. 

Гранаталар

Гранаталар көліктің бұрылуына тікелей әсер етеді. Оның істен шығуын рөлді оңға немесе солға бұру арқылы "қытырлауынан" білуге болады. Гранаталардың бұзылуы сыртын қаптап тұратын резеңкелердің жыртылып кетуінен болады. Олардың ішіне арнайы май құйылғанымен ылғалға қарсы шыдас бермейді. 

Серіппелер

Бұл компонент те тозуға бейім. Көбінесе оның тозуы жүйенің басқа элементтеріне, яғни үнсіз блоктар мен амортизаторларға теріс әсер етеді. Серіппелер өте берік болып келеді. Олардың сынуына металдың коррозиясы немесе шамадан тыс жүктеме болып табылады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!