Полицейлер қазақстандықтарға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көліктерге жапсырылуы керек жаңа міндетті белгі туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Елімізде 1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату міндеттемесі күшіне енді Яғни газ баллон жабдығы бар көліктерге GAS жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш белгісін қою қажет", - делінген хабарламада.
Газ баллоны бар көлікті оңай ажырату үшін стикерді жабық тұрақтардың кіреберісіне де қою керек.
Жаңа шара қауіпсіздік мақсатында енгізілген.
"Аталған стандарт ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде көрсетілген. Осы ретте Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жапсырманы газ баллоны бар көлікті оңай анықтауға болатындай етіп, сонымен қатар жабық көлік тұрақтарының кіреберісіне де қойылуы қажет. Жаңа шара қауіпсіздік мақсатында енгізілген. Түркістан облысында 67 мыңнан астам көлік газ қондырғысымен жабдықталған", - деп хабалады ведомство.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!