Көліктерді жағалап, жүргізушілерден қайыр сұраған: Таразда әйел ұлының әрекеті үшін жазаланды

Көліктерді жағалап, жүргізушілерден қайыр сұраған: Таразда әйел ұлының әрекеті үшін жазаланды
Фото: depositphotos.com

Таразда әйел ұлы қайыршылықпен айналысқаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін Е.-ге қатысты істі қараған.

Сот Е.-нің кәмелетке толмаған ұлы Тараз қаласында бағдаршамда жүргізушілерден қайыр сұрап, қайыршылықпен айналысып жүрген жерінен ұсталғанын анықтаған. Бала 16 жасқа толмауына байланысты оның анасына хаттама толтырылған.

Сот үкімі

Сотта Е. кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген.

Сот қаулысымен Е. ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget