Көліктер түгі қалмай өртеніп кеткен: Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Көліктер түгі қалмай өртеніп кеткен: Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 26 ақпанда Алматы-Астана тасжолының 56-шақырымында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен.

Алматы облысы ПД

"Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ, BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рөлдегі немқұрайлық қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова