Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан шекарасы арқылы өткізу, оның ішінде ақылы негізде электрон кезек жүйесін пайдалану арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін. Жаңа ережелерді ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа ережелер туралы:
Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, бұл өзгерістер шекарадан өту мен маршрутты жоспарлау кезінде бәрі ашық, тәртіпке сай және болжауға оңай болатынын қамтамасыз етеді.
Құжат 14 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
"Жоба құқық қолдану тәжірибесін, тасымалдаушылардың өтініштерін және қолданыстағы заңнаманың ережелерін ескере отырып әзірленді", – делінген құжаттың түсіндірмесінде.
Негізгі өзгерістер мыналарды қамтиды:
Жүк тасымалдаушылар Қазақстан шекараларындағы өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезектерге жиі шағымданады. Маусымның басында батыс өңірде жүк көліктері шекарада 10 шақырымдық кезекте тұрып қалды. Олар бірнеше күн бойы өз кезегін күткен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!