Көліктен денесін шығарып, отшашу атқан: Жамбыл облысында 18 жастағы тұрғын ұсталды

Жамбыл облысында шу шығарып, жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында көлік кортежі анықталған. Көліктердің бірінің жолаушысы люктен шығып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, отшашу атқан.

Құқық бұзған 18 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

"Ол елдімекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны, түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жол ережесін бұзуға жол берген көлік жүргізушілері де жазаланды", - деді өңір полициясы.

Полиция қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану, түнгі тыныштықты бұзу және жол қозғалысы ережелерін әдейі елемеу заңбұзушылық екенін ескертті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!