Ақтөбеде жарнама түсіру кезінде жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қыз қаладағы дәмханалардың бірін жарнамалау барысында жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басын, денесін шығарғаны анықталған.
ІІМ мәліметінше, мұндай әрекеттер қауіпсіздік талаптарына қайшы келеді және ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.
"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісі мен жолаушы қызды анықтады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін олар Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова