- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлікте телефонмен сөйлескен...
Көлікте телефонмен сөйлескен мыңнан астам павлодарлық жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысында көлік жүргізіп бара жатып телефонмен сөйлескен мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір әлемде жүргізушілер үшін сымсыз құлаққаптар мен машинадағы арнайы телефон ұстағыштар ойлап табылды. Дегенмен көптеген автокөлік жүргізушілері әлі де техниканың жаңалықтарын елемейді және телефонмен сөйлеседі. Жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында осындай 1 267 жүргізуші тоқтатылған. Рульді басқару барысында мобильді белсенділік алаңдаушылық тудырады және реакция жылдамдығын, сондай-ақ жол жағдайын бақылау қабілетін айтарлықтай төмендетеді.
Көлік жүргізу кезінде апатқа ұшырау мүмкіндігі төрт есе артады. Мәселен Павлодар қаласында М. Жүсіп көшесінде полицейлер бір жүргізушіні тоқтатты. Ер адам өзінің бұзушылығын мойындап, шұғыл қоңырауға жауап беруге мәжбүр болғанын айтып түсіндірді. Бірақ бұл оны ақтамайды, кез келген жағдайда тоқтаған немесе динамик орнатқан дұрыс.
Осы құқық бұзушылықты жасап, рульді басқару кезінде телефонмен сөйлескенді ұнататын адамға 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Павлодар облысының полиция департаменті облыс тұрғындарының назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қауіпсіздікті ешқашан назардан тыс қалдырмауға аударады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина