- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлікте кондиционер қосу...
Көлікте кондиционер қосу қауіпті ме?
Ыстық ауа райында жүргізуші автомобиль ішіндегі кондиционерді қосудан бас тартпауы керек. Алайда суық ауа ағынының әсерінен ауырып қалуыңыз мүмкін. Көліктегі кондиционерден ауырып қалмас үшін не істеу керек? "Газете.Ru"-ге отоларинголог Иван Лесков жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Автомобильдегі кондиционер өздігінен ауру себебі бола алмайды, себебі ол 18-22°С жайлы температураны ұстап тұрады. Алайда дененің бірден суып кетуі ағзада бар инфекциялардың белсенді болуына әкеледі. Мысалы, кондиционерді үш тармақты жүйкенің қабынуына кінәлайды. Алайда бұл ауру әдетте тіс проблемасының фонында пайда болады", - дейді маман.
Иван Лесков егер адамда созылмалы гайморит немесе тонзиллит бар болса, ол қосулы тұрған кондиционерден ауырып қалуы мүмкін екенін айтты. Бұл ыстыққа алдын ала дайындалу керегін білдіреді. Дәрігер мұндай созылмалы ауруларды күзде және көктемде емдеуге кеңес берді.
"Ал созылмалы сыртқы отит болмайды. Жазда оны лас суға түсіп жұқтырып алуыңыз мүмкін. Судан кейін көпшілік жүргізуші бірден рульге отырады. Алайда олай істеуге болмайды. Алдымен құлақтағы суды секіріп, шығарыңыз және басыңызды кептіріңіз", - дейді маман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова