Жеке көлікте жыныстық қатынасқа түскені үшін азаматтарға заң бойынша жауапкершілік көзделген бе? Мұндай жағдайда қандай шаралар қолданылуы мүмкін. Massaget.kz тілшісінің сұрақтарына заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы жауап берді.
Көлік жеке мүлік екені белгілі. Соған орай қоғамда "ішінде не істесем де өзім білемін" деген пікір қалыптасқан. Алайда бұл - қате түсінік. Белгіленген заңға сәйкес, кез келген ашық жерде жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынады.
"Көліктегі жыныстық қатынас. Дәл осындай жағдайға тап болсаңыз, мұның жауапкершілігі қандай болмақ? ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес бұл ұсақ бұзақылық есебіне кіреді. Яғни бұл жерде 5 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамақ берілуі мүмкін", - дейді заңгер.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер саналады.
Қорытынды: Жеке көлікте жыныстық қатынасқа түскені үшін заң алдында жауапкершілік көзделген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!