- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлікті техникалық тексеру...
Көлікті техникалық тексеру қымбаттай ма? Министр жауап берді
Қазақстанда техникалық тексерістен өткізу тәртібі өзгергеннен кейін көлікті техникалық тексеру қымбаттай ма? Бұл сұраққа көлік министрі Марат Қарабаев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында көлік министрлігінің басшысы көлікті тексеру тәртібі өзгеретінін мәлімдеді. Бұл ретте механизм сол күйінде қалады.
"Бұл біз қабылдайтын нормативтік құжаттарға байланысты. 10 мамырда екінші оқылымда заң жобасы қабылданды, соған сәйкес техникалық байқау орталығын ашу үшін хабардар ету талабы болған. Яғни, оны ашып, хабарлама жібересіз. Қазір рұқсат беріп жатырмыз, көліктік бақылау қызметкерлері барлық техника бар-жоғын тексереді, болған жағдайда рұқсат береді. Бізде 900-ге жуық орталық бар, олар қайта даярлаудан өтеді. Бұл көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалды", - деп жауап берді Марат Қарабаев.
"Қазақстандықтар үшін көлікті тексеру қымбаттай ма?" деген сұраққа министр ешкім міндеттелмейтінін айтты.
"Техникалық тексерістен өткізіп жатқан технологияларға келсек, бұл - еркін нарық, егер оларда бұрын жабдық болмаса, бұл олардың заңсыз жұмыс істеп тұрғанын білдіреді", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова