Алматыда ер адам бөтеннің көлігін қасақана бүлдіріп, бір топ адаммен төбелес шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның тұрақта тұрған көлікке жақындап, жүксалғышты күшпен жапқаны көрінеді. Содан кейін ол қолындағы затпен артқы терезені сындырып, көліктің бамперін теппек болады. Таныстары оны ұстап, алып кетуге тырысады, бірақ дес бермейді.
Ер адам қарсыласына пышақпен шабуыл жасамақ болғаны айтылады.
Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысушылар ұсталғанын хабарлады.
"Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар міндетті түрде жауапқа тартылады. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!