- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көлікті сұраусыз алған"....
"Көлікті сұраусыз алған". Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың дерек шықты
Фото:
ПД
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмып, төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 наурызда сағат 20:55 шамасында Шалқар тасжолының 4-шақырымында Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген жеткіншек рөлді басқара алмай, көлікті аударып алған.
Жасөспірім ағасының көлігін сұраусыз алғаны белгілі болды.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова