"Автокөлік тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертті.
"Бұған немқұрайды қарауға болмайды, себебі ол көптеген проблемадан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді. Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады", - делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі іске қосқан "автокөлік тарихы" қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:
Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис "102" және "Halyk Bank", "Bereke Bank", "CenterCredit", "ForteBank" мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.
ІІМ "автокөлік тарихына" "бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!