- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жол ережесі
Көлікті қысқы сапарларға қалай дайындау керек?
![Көлікті қысқы сапарларға қалай дайындау керек?](/userdata/news/news_124332/image_l.jpg)
Қыс мезгілінде жүргізушілер көліктерін түрлі ауа райы жағдайына мұқият дайындауы қажет. Себебі боранды, не аязды күндері көлік бұзылып, жүрмей қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларды алдын алу үшін пайдалы ұсыныстарға назар аудару керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Қыста кеңінен тараған мәселелердің бірі - жаздық дизель отынын пайдалану. Аязда ол отын қоюланып, қатып қалып, көліктің жүрісіне кері әсер етеді. Соңғы тәулікте еліміздің автожолдарында осы жазғы дизель отынның салдарынан, сондай-ақ жанармайдың бітіп қалуынан 30-дан астам көлік жолдың бойында қалып кетті. Осындай сәтте көптеген жүргізушілер көліктерін тастап кетіп, басқа жол пайдаланушыларға қолайсыз жағдай тудырып, жол-көлік оқиғасының болуына әсерін тигізіп жатады. Сонымен қатар жол қызметінің қар тазалау жұмыстарына да кедергі келтіруі мүмкін.
Жүргізушілер жіберетін негізгі қателіктер:
- Аязда жазғы дизель отынын пайдалану;
- Жолға жартылай бос бакпен шығып, отын жүйесінің қатып қалуына әкелуі мүмкін;
- Аязда қажетті заттар мен жанармай қорының жоқтығы;
- Қыз мезгіліне жүк көліктерінің және автобустардың пневматикалық жүйелерінің дайын болмауы;
- Жолдың бойына тиісті шараларды қабылдамай, бұзылған көліктерді қалдырып кету (авариялық тоқтау белгілерді қоймау, эвакуация кезінде тростың болмауы және т.б.).
Қыс мезгілінде жүргізушілерге маңызды кеңестер:
- Қысқы дизель отынын пайдалану керек. Ол төменгі температурада қатпайды;
- Әрқашан толық бак жанармай құйыңыз. Ол көліктің қатып қалуын алдын алып, қиын сәттерде қажетті қормен қамтамасыз етеді;
- Отын жүйесіндегі парафинді алдын алу үшін антигель мен қоспаларды пайдалану қажет;
- Пневматикалық жүйені тексеріп тұрыңыз. Ауа қатып қалмас үшін уақытылы ресиверлер мен ауа кептіргіштерді үрлеп тұрыңыз;
- Жолдың бойында бұзылған көліктерді қалдырмаңыз. Басқа жол пайдаланушыларға қауіпті жағдай тудырмас үшін, көлігіңізді тездетіп алып тастаңыз. Қосымша жанармай, жылы киім мен көрпеше, қуатталған телефон және пауэрбанк, тартатын трос, күрек, авариялық белгі алып жүріңіз;
- Жолдың және ауа райы жағдайын ескеріңіз. Ауа райы бұзылып тұрса, алыс сапарлардан бас тартыңыз.
Қыс мезгілінде көлігіңізді алдын ала дайындап, басқа да жол пайдаланушыларды ойлаңыз. Себебі жол баршаға ортақ. Ұсыныстарды ескеріп, жолда мұқият болыңыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова