Қыстың қамын жазда ойлайтын қазақ көлігін дайындауды әлдеқашан дайындауды бастап кеткен шығар. Ал күн сайын "ертең" деген сылтаумен уақыт өткізсеңіз арты үлкен шығынға алып келуі мүмкін. Нөлден төмен температурада кез келген темір тұлпардың бұзылу қауіпі көбейеді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін қайтпек керек? Көлігіңізді "қысқа" қалай дайындау керек? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Шиналарды ауыстырыңыз
Жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру ең басты міндет. Төмен температурада жазғы дөңгелектермен жүру өміріңізге қауіп төндіреді. Шиналарды ерте кезден даярлап қоюды ұмытпаңыз. Оның үйкеліс шиналар (фрикционные шины) және тікенді резеңке деген екі түрі болады. Үйкелес шиналар салғанда көлігіңіз өзін асфальтта жақсы ұстайды. Ал қары уақытылы тазаланбайтын қазақстанда тікенді резеңке болғаны дұрыс. Ескі дөңгелектерде жарықтар пайд болса және протекторы 4 миллиметрден кіші болса оларды жаңалаған абзал. Айта кетейік біздің елде 1 желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге айыппұл салынады.
Аккумуляторды қуаттап клемаларды тазалаңыз
Қыстың күні ең жиі кездесетін проблема аккумулятордың отырып қалуы. Өйткені қысқы түн қуаттың тез азаюына әсер етеді. Бұл аккумулятордың сыналар шағы десекте болады. Ал оның алдын алу үшін әр бакадағы электролит мөлшерін тексеру маңызды. Сұйықтық мөлдір болуы тиіс. Ал тұнба пластиналардың құлай бастағанын білдіреді. Егер деңгейі төмен болса тазартылған су қосыңыз. Қыста электролиттің тығыздығы 1,27-1,28 г/см3 ±0,01 г/см3 болуы керек. Егер сіз норманы көтере алмасаңыз, онда жаңа батарея сатып алғаныңыз абзал.
Сондай-ақ, қысқа тұйықталуды болдырмау және аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін сымдарды тексеруді, клемаларды тотығудан тазартуды және контактілерді қатайтуды ұмытпаңыз.
Жұмыс істемейтін фараларды ауыстырыңыз
Көліктің алдыңғы жарықшамдары қыста қауіпсіз жүрудің негізгі аспектілері. Өйткені таңғы және кешкі уақытта автокөлік әуесқойларын тек жарқын фаралар құтқарады. Сол себепті жарықшамдардың маңыздылығын елемеуге болмайды. Уақыт өте келе фаралар кірмен, сызаттармен бұлыңғырланып жарық түсіруі әлсірей бастайды. Қаперіңізде болсын, күз мезгілі ескі фараларды жылтырату мен күйіп кеткен "ксенонды"ауыстыру үшін ең жақсы уақыт.
Қозғалтқышты диагностикадан өткізу
Автокөліктің қозғалтқышындағы ақауларды толықтай жөндеу керек. Себебі жазда көз жұма қараған кішігірім мәселелер қыста істен шыға бастайды. Негізінен свечалар мен электр сымдары қозғалтқышты іске қосуда қиындықтар туындатып, оның бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл дегеніміз барлық тозған дүниелерді жаңасына ауыстыруға тура келеді.
Қозғалтқыш майын ауыстырыңыз
Суық ауа-райында матордың майы қоюлана түседі. Сөйтіп қозғалтқыш бөлшектерінің тез тозуы мен аккумулятор қуатының азаюына алып келеді. Сіз жазда қоюлығы 10W - 40 май құйсаңыз, қыс келгенде
5W-30 немесе 5W-40 қабылдаған дұрыс.
Қозғалтқышты суықтан оқшаулау
Ашық жерде тұрған ескі автокөліктердің 90 пайызы таңертең іске қосылмай жатады. Сол себепті қозғалтқышты жылы көрпемен жабу артықтық етпейді. Әсіресе радиаторға жылу қалқанын орнату, қозғалтқыш бөлігінің бүйірлері мен түбіне жылу оқшаулағыш панельдерді орнату және қозғалтқышты авто көрпемен жабу маңызды.
Тежегіш жастықшаларын (колодки) тексеріп сұйықтығын (жидкость) ауыстырыңыз
Тежегіш сұйықтығын екі жылда бір рет үнемі ауыстырып отыру керек. Сонымен қатар тежегіш жастықшаларын жыл сайын тексеріп отыру маңызды. Егер автомобиль қалыпты жағдайда өзгеріссіз тоқтаса да жүргізуші оны қадағалауы керек. Әр дөңгелек бірдей күшпен баяулауы керек, әйтпесе мұзды жолда сырғанау және апат тудыру қаупі көбейеді.
Шыны тазалағыш щеткаларды ауыстырып, аязда қатпайтын сұйықтықты құйыңыз
Қалың қар түскенде шыны тазалағыш щеткаларға да ауыртпашылық арта түседі. Аязда қатып, алдыңғы терезені тазалауы нашарлайды. Сондықтан қыс мезгіліне арналған, суыққа төзімді (қатып кетпейтін) "тазалағыштарды" орнатқан жөн. Сонымен қатар терезеге шашатын сұйықтықты да ауыстырып қойыңыз. Иіссіз, қатпайтын "көк суды" таңдаңыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!