- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлікті көлікке айырбастауға...
Көлікті көлікке айырбастауға бола ма? Пәтуа шықты
Қазіргі таңда көлік сатып алу мен сатудың бірнеше жолы бар. Соның бірі - белгілі бір маркалы көлікті басқа маркалы көлікпен айырбастап, үстінен ақша қосып сату. Бұл дін тұрғысынан қаншалық дұрыс? Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы өкілдері бұған қатысты қандай үкім барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, жалпы алтын мен күмістен басқа бір затты екінші затқа айырбастау келісімшарты бартер саудасы деп аталады. Шариғатта айырбастау (бартер) саудасына, яғни бір затты екінші бір затқа немесе бір жануарды екінші бір жануарға айырбастауға рұқсат етіледі.
ҚМДБ үкімі бойынша, сипаттамасында айырмашылығы бар бір маркалы немесе басқа маркалы көліктерді өзара үстіне ақша қосып ауыстыруға да, есесін кешіктіріп беруге де рұқсат. Сондай-ақ өзара келісіммен ешқандай үстемесіз де ауыстыруға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина