Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы 5 минут көлігі оталып тұрған адамдарды жазалау туралы шешімді қайта қарау туралы ұсынысты уәкілетті министрлік мақұлдағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жайлы депутат өзінің инстаграм-парақшасында жазды.
"Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы мемлекеттің міндеттерін өзін-өзі реттеу ұйымына беру, жекеменшік СРО-ға тастай салу үлкен қателік! Осы шикі қадамды көздеген заң жобасы Мәжіліске келген еді. Біз бірден қарсы болдық", - деді мәжіліс депутаты.
Нартай Аралбайұлы оның екі себебін атады:
"Аталған заң жобасы Мәжілістің мұрағатына түсті. Таксистерді өзін-өзі реттеу ұйымына кіруге, жарна төлеуге міндеттейтін заң жобасы тоқтатылды! Көлік министрлігі бірнеше облыста пилоттық режимде жобаны сынап көру керек, халық дұрыс десе ғана заң қайта қаралады. Әйтпесе бұған жол жоқ! Көлік министрі келісті", - деп жазды ол.
Өткен Мәжілісте Нартай Аралбайұлы автокөлікті 5 минуттан артық оталдырып тұруға тыйым салатын министрліктің шешімін дереу өзгерту керек деген талап қойған болатын.
"Бүгін ІІМ орынбасары депутаттар тарапынан бұл нормаға қатысты ұсыныс болса оны қарауға, қолдауға дайын екенін жеткізді", - дейді мәжіліс депутаты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!