Павлодар облысында студенттер мен оқушылардан ақша бопсалау әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар қаласында екі оқушы өз қатарластарынан ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Олар жәбірленушілерден бағалы заттарын ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны беруді талап еткен. Кейбір жағдайда қысым көрсету үшін әшкерелейтін видеолар пайдаланылған.
Екібастұз қаласында колледж студенті танысымен бірге 50 мың теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер жәбірленушіні көлікпен алып кетіп, оған күш қолданған.
"Екі дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер ақша алу кезінде ұсталды", - деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!