- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлікке арналған “әдемі“...
Көлікке арналған “әдемі“ нөмірлер қанша тұрады?
Көптеген қазақстандықтар көлігіндегі мемлекеттік нөмірде аты-жөнінің бас әріптері немесе "ерекше" сандар болғанын жақсы көреді. Бірақ жүргізушілер үшін маңызды болып саналатын сандар әркез VIP санатына жатпайды. VIP нөмір мен жай ғана "әдемі" нөмірдің айырмашылығы қандай? Tengri Auto VIP нөмірлердің қанша тұратынын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
VIP нөмірлердің басқалардан айырмашылығы қандай?
VIP немесе жоғары сұраныстағы нөмірлер қарапайым нөмірлерден әріптер мен сандық комбинациялардың арнайы жиынтығымен және бағасымен ерекшеленеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің (VIP-нөмірлері) арасында ең арзанына мына бірдей әріптік белгілері бар нөмірлер және сандық таңба нөмірлері жатады: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707. Олардың құны - 57 АЕК (210 330 теңге).
Ең қымбат VIP-нөмірлер - бірдей әріптік белгілері бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандық белгілері. Олар 285 АЕК немесе 1 051 650 теңге тұрады.
VIP тізіміне кірмейтін "әдемі" мемлекеттік нөмірді сатып алуға бола ма?
ІІМ баспасөз қызметі бұл мүмкін емес екенін айтты. Нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес жоғары сұранысқа жатпайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері автоматтандырылған ақпараттық жүйеде айқындалған кезек тәртібімен беріледі.
Алайда, мемлекеттік нөмірлерді еркін таңдау әлі де бар. Автокөлікті тіркеу кезінде арнайы ХҚКО-лар сізге еркін нөмірлердің тізімін ұсынады, олардың ішінен сіз өзіңізге ұнайтынын таңдай аласыз. Ең бастысы, ХҚКО-ға ертерек бару, өйткені тізім бір тәулікке беріледі, сондықтан сіз неғұрлым ерте келсеңіз, соғұрлым еркін мемлекеттік нөмірлерге таңдау болады.
Оқи отырыңыз: Көлік багында қанша бензин қалғанда ескерту шамы жанады, ол қаншаға жетеді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова