Семей көшелеріндегі су тасқыны салдары тұрғындарды әбден әбігерге түсірген. Семей тұрғыны сайлауға түсіп жатқан кандидаттарға осыған байланысты видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір өңірде күн күрт жылынуына байланысты көшелер лайға айналған. Әсіресе, қаланың шет жағындағы ықшамаудандардың көшелері - көлкіген су.
"Құрметті үміткерлер, түрлі түсті хабарландыру жабыстырып, үлкен баннер шығарғанша, өздеріңіз сайлауға түсіп жатқан округ көшесіне су таситын көлік шақырып, суды сорғызып беріңіздер. Міне, сіздерге жарнама! Сайланбай тұрып жұмыс істейтін кандидатқа көше-көшемен, аудан-ауданмен барып, дауыс береміз", - дейді видеоүндеуде қала тұрғыны.
Ал қала әкімдігі мәліметінше, қазір 10 вакуум ассенизатор машинасы, 8 жылжымалы мотопомпа мен 12 цистернасы бар автокөлік жұмылдырылған.
Айбын Алтай
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!