9 қарашада Алматы облысындағы Шелек ауылында кәріз желілерін қайта жөндеу учаскесінде жол апаты болды. Мердігер ұйым қажетті ескерту белгілерін орнатпай, жолда топырақ пен үйінді қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол бойындағы топырақ пен үйіндіні байқамай, оған соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан зардап шегуші жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері жұмысқа жауапты қосалқы мердігердің жол жүру бөлігін ескерту белгілерінсіз қалдырып, қауіпсіздік талаптарын бұзғанын анықтады.
Компанияны қылмыстық жауапкершілікке тарту және айыппұл салу туралы шешім шығарылғаны айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!