Көлік полицейлері Шымкентте есірткі өткізген күдіктіні ұстады

Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша 32 жастағы азаматты ұстады, ол Шымкент аумағында 21 грамм марихуана есірткі затын өткізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тінту кезінде марихуана есірткісі, тегіс ұңғылы қару және бірқатар оқ-дәрілер тәркіленді. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!