Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аймақ полициясы мәліметінше, 17 қарашада облыстық маңызы бар Чапай - Жаңақала - Сайқын тасжолының 50-шақырымында Toyota Camry және Volkswagen Sharan көліктері соқтығысып, көліктердің бірі өртеніп кеткен.
Оқиға орнында сегіз адам қаза тапты. Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!