Атырау облысында тасжолда екі автокөліктің соқтығысып, 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
17 маусымда республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты.
Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігін өртеніп, 1992 жылы туған көлік жүргізушісі мен 2001 жылғы жолаушысы, сондай-ақ, Toyota Camry автокөлігінің 1972 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 1971 жылғы Toyota Camry көлік жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапқан.
Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.
"Көлік жүргізушілері назарына! Тасжолдарда басып озу ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!