Көлік нөмірінің әрпін өзгерткен фура жүргізушісі қамаққа алынды

Көлік нөмірінің әрпін өзгерткен фура жүргізушісі қамаққа алынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Меркі ауданы маңындағы тасжолда көлігінің нөмірін өзгертіп алған "фура" жүргізушісін ұстады.

Полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" профилактикалық іс-шарасы барысында «АвтоСканнар» мобильді кешенінің көмегімен, өтіп бара жатқан DAF маркалы жүк көлігінің мемлекеттік нөмірдегі бір әрпі басқа екенін анықтаған. Қырғыз Республикасының 33 жастағы тұрғыны бұл әрекетін жолда жылдамдықты асырғаны үшін бейнекамераларға түсіп қалмау мақсатында жасағанын мойындады.

Ер адамның Қырғызстаннан Ресейге Қытай автокөліктерін тасымалдаумен айналысатыны белгілі болды.

Меркі аудандық сотының шешімімен құқықбұзушы 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!