Көлік нөміріндегі сандар өшіп қалса, оны бояп қоюға бола ма?

Кейде уақыттың немесе сыртқы орта әсерінен мемлекеттік тіркеу нөмірлеріндегі цифрлар өшіп кетеді. Кейбіреулер бұл мәселені өз бетімен шешіп, өшіп кеткен символдарды қайта бояп қоюды ұйғарады. Бұл мәселені өз бетімен шешуге бола ма және ол үшін айыппұл салынбай ма? Бұл сұраққа Әкімшілік полиция комитеті Tengri Autо-ға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, мұндай әрекеттер заңнаманы бұзу болып саналады.

Ведомствоның түсіндіруі бойынша мемлекеттік нөмірлер техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес жасалады. Оларды өндіруде арнайы бояулар қолданылады, бұл бояулар жарық шағылыстыруды және әсіресе түнгі уақытта жақсы көріну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нөмірдің жабынына өз бетімен өзгерістер енгізу осы стандарттарды бұзады.

"Цифрларды немесе нөмірдің кез келген элементтерін өз бетінше бояу әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады, оған айыппұл қарастырылған", - деді полиция өкілдері.

Егер нөмірдің оқылуы жоғалған болса, жүргізушілер арнайы ХҚКО-ға барып, оны қайта шығаруы қажет. Тек осылай мемлекеттік стандарттарды сақтап, айыппұлдан қорғануға болады.

Еске салайық, бұған дейін көлікке арналған "әдемі" нөмірлер қанша тұратынын жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз: Көлігіңіз қысқа дайын ба?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!