Қазақстандағы жол апатының көптігіне қарап кез келген көлікті боялған деп айтуға болады. Бірақ көлігін сатқан адамның тілі "Не битый, не крашеный брат" деп сайрап тұратыны рас. Темір тұлпардың қаңқасы боялғанын арнайы құрылғыларсыз қалай анықтауға болады? Massaget.kz тілшісі біліп көрді.
Алыпсатарлықпен айналысатындар көліктің боялғанын көзбен анықтай алады. Олар есік пен есік қаңқасы арасындағы саңылау, көлік түсіндегі әртүрлі реңктерге ерекше назар аударады. Бірақ мұның өзі алғаш көлік алған адамға қымбат құрылғыларсыз қиындық тудырады.
1. Автокөліктің қайта боялғандығы дененің бөлшектеріндегі реңктердегі айырмашылықтан көрінеді. Мұны көліктен шамамен 10 м қашықтықта, жақсы түсетін бүйірлік жарықта қарауға болады. Дәл көз жеткізу үшін дене бөліктерін, мәселен алдыңғы есік пен алдың бүйірлік бөлігін бірнеше қырынан көру керек. Күдікті элементерге назар аудару арқылы түстердің сәйкессіздігін анықтау маңызды. Ал біздің елде 100 пайыз сәйкес келетін түске бояйтын шеберлер аз. Өйткені сіз білетін ақ түстің ондаған түрі болуы ықтимал.
2. Боялған машинаға тағы бір тән белгі - боялған аумақта кір мен шаңның болуы. Өйткені қоқыс, шаң және кір кез келген бөлмеде бар. Көлік кеуіп болғанша олар құтты орнына жайғасып үлгереді. Тіпті арнайы камерада боялғанның өзінде қаңқадағы дақтарды кездестіруге болады. Алайда бұл әдіс үнемі жұмыс істемейді. Алыпсатарлардан айла артылған ба? Олар машинаның қаңқасын тегістетіп, жылтыратып дақтардың көзін жояды. Ал бұл дегеніміз әрі қарай тексеру кезінде өте мұқият болу керек деген сөз.
3. Боялған көліктердердің қаңқасында бояуды шашыратқаннан кейін түрлі көпіршіктер пайда болады. Тіпті жаңа ғана боялған көліктерде де көпіршік іспетті дақтар бар. Бұл бояу кезіндегі қателіктерден туындайды. Өйткені сервистік шеберханалардың өзінде зауыттық бояумен бірдей бояуды сатып алу мүмкіндігі жоқ. Зауыттарда барлығыны роботтар істейді, ал адам бояған жерде қателіктерге бой алдыруы бек мүмкін. Сондықтан бояудан кейін міндетті түрде жылтырату қолданылады. Алайда бұл әрекеттен кейін зауыттық жабынмен салыстырғанда бояу тым тегіс болады.
Соғылған көлікті тану үшін "толщиномер" көмектеседі. Алайда ол тек пластикалық және алюминий бөлшектеріндегі қалыңдықты анықтай алады. Ал боялған көлікті білу үшін қырағы көз бен тәжірибе қажет.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!