- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлік жылдамдығын шектен...
Көлік жылдамдығын шектен тыс асыратын қазақстандықтар жауапқа тартылуы мүмкін
Елімізде көлік жылдамдығын шектен тыс асыратын жүргізушілер жауапқа тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жол жүрісі туралы" заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және оған ілеспе заң жобасын қарауға алды.
Құжаттың маңызын депутат Нұртай Сабильянов түсіндірді.
"Бұл заң жобалары Қазақстан Парламенті депутаттарының бастамасымен әзірленді. Заң жобалары шағын электр және көлік құралдарының жекелеген түрлерін пайдалануды құқықтық реттеуге, сондай-ақ, жол қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған. Сондай-ақ, тұлғалардың көлік құралының рұқсат етілген жүру жылдамдығын едәуір арттырған үшін, жолдар мен жол құрылыстарын ұстауға байланысты жасаған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастыру ұсынылады", - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz