Жүргізушілер, әсіресе кәсіпқойлар, арқа ауруы бойынша әрқашан қауіпте жүреді. Мәселе, әрине, статикада және ұзақ уақыт қозғалыстың болмауынан. Олар көп жағдайда бір қалыпта отырады, көп қимыл жасамайды, денесін ширатпайды. Бұдан кейін бұлшықеттер жансызданады, буын сұйықтығының алмасуы бұзылады. Мұның бәрі арқадағы ауырсынуға ықпал етеді. Ұзақ сапарға шыққанда арқаңыз ауырмауы үшін не істеу керек және қалай алдын алуға болады? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Кептеліс, ұзақ сапар, күнделікті қарбалас - мұның бәрі жүргізушіні күні бойы рөлде отыруға мәжбүрлейді. Ал кешке қарай физикалық және психикалық шаршау ғана емес, сонымен қатар арқа, бел, мойында тіпті аяқта ауырсыну болады.
Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін. Бірінші және ең айқыны - тірек-қимыл аппараты аурулары. Бұл жағдайда тек дәрігер, арнайы корсет және медициналық массаж көмектеседі.
Екінші себеп (ең көп таралған) - рөлде дұрыс отырмау. Көп жүргізуші рөлде жартылай шалқайған күйде отырады. Бұл позиция бәріне зиян - қауіпсіздікке де, арқаға да. Жүргізуші дұрыс отыруы керек. Автомектепте үйреткендей.
Үшінші себеп - ыңғайсыз орындық. Иә, мұндай да болады. Әр көліктегі орындық өз үлгілеріне сәйкес жасалады және олардың арсында сәтсіз шыққандары да болады. Жаңа көлік сатып аларда оның техникалық сипаттамасына, дизайны мен жабдықтарына ғана емес, сонымен қатар эргономикаға да назар аударған жөн. Жайлылық пен қауіпсіздік бұған тікелей байланысты.
Ұзақ сапарға шыққанда денені ширатып, демалу үшін қысқа аялдама жасау ұсынылады. Өзіңіз үшін 5-10 минутты аяудың қажеті жоқ. Тоқтап, аяқ-қолыңызды ширатып, керіліп, бұлшықетіңізді созып алсаңыз, бұл жолды шаршамай жүріп өтуге пайдасын тигізеді. Тіпті аздаған қимыл жасасаңыз, арқаңыз қатты ауырсынбайды.
Ауырсыну мен аурудың алдын алу оны емдеуден оңайырақ. Алдын алу шаралары тиімді болуы үшін тек үш аспектіге назар аудару маңызды: отырған қалпыңыз, физикалық белсенділік және жүргізуші орындығы.
Егерде арқадағы ауру шыдатпай, жаттығу мен дұрыс отыру көмектеспеген болса, дәрігерге жүгінгеніңіз жөн.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз