Көлік жүргізуші полиция озбырлығының "құрбаны" болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Талғар ауданында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні жауапкершілікке тарқан кезінде, Toyota Camry көлік иесі өзін "полиция озбырлығының" құрбаны екенін айтты.
Учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағы талаптарын бұзған автокөлікті байқады. Иесін таппаған тәртіп сақшысы көліктің мемлекеттік нөмірін тәркіледі. Басқа құқықбұзушыға хаттаманы толтырып жатқанда Toyota Camry иесі келді. Автоледи жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оны қорлап, балағат сөздер айтты. Көлік иесіне хаттама рәсімдегеннен кейін тәртіп сақшысы оған мемлекеттік нөмірін қайтарып берді.
Алайда автоледи жазадан қашу мақсатында видео түсіре бастап, өзін "полиция озбырлығының" құрбаны екенін айтты. Көліктің иесі жол қозғалысы ережелерін бұзудан басқа, билік өкілін қорлағаны үшін жауапқа тартылады. Қазір жиналған іс-құжаттар түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз