"Көлік жүргізіп келе жатып есінен танған". Шымкентте жаяу жүргінші қарияны құтқарып қалды

Шымкентте жаяу жүргінші көлік жүргізіп келе жатып, есінен танып қалған қарт адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Көлік жүргізушісі "Нұрсәт" шағынауданында Астана даңғылының бойында келе жатып, есінен танып қалған.
Көлік жанынан өтіп бара жатқандардың арасында жедел көмек беруді білетін адам табылды.

Ол жедел жәрдем келгенше ес-түссіз жатқан ер адамға көмек көрсеткен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер реанимацияны жалғастырып, науқасты аман алып қалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!